«15» ҮЕҰ экологиялық клубы мүшесі -«ШАПАҒАТ» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы, қоғамдық қоры президенті Женсикбаева Шынаркуль Куанышевна

Байланыс телефоны:+7 778 400 87 57

E-mail:Found-shapagat@mail.ru

Shinar-kz-kz@mail.ru

Негізгі қызмет бағыты:

Қазалы ауданындағы мүгедек балалар мен жастарға және олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік медициналық, педагогико-психологиялық қызметтер көрсету жұмыстарыменәр түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік экономикалық жағдайларын жақсарту.«Шапағат» орталығы құрылған кезден бастап мемлекет, бизнес-құрылым, түрлі қорлармен бірлесе отырып, 50-ден  аса әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырды.

1995 жылы құрылған «Шапағат» орталығы облыс жұртшылығына белгілі, аудандағы мүгедек балалар және жастармен жұмыс жасау барысында, оқу-тәрбие саласында айтарлықтай жетістікке жеткен КЕҰ. Құрылғанына 26 жыл толған бұл орталықтан     200-ге жуық мүгедек балалар тәрбиеленіп шықты.

Қазіргі таңда орталықта 30 мүгедек бала тәлім-тәрбие алуда. Олар диагноздарына сәйкес 3 топқа топтастырылған. Ол – «Үміт», «Тілашар» және «Балауса» тобы.

«Балауса» тобы – «Кеңес» орталығының методикасы бойынша құрылған. Топ мақсаты – 7-18 жас аралығындағы мүгедек  балаларды әлеуметтік қалыптастыру.Орталық 26  адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қор қызметінің мәні:

-медициналық қызмет көрсету;

-білім беру қызметін көрсету;

-арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

«15» ҮЕҰ экологиялық клубы мүшесі  -«ШАПАҒАТ» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы, қоғамдық қоры президенті Женсикбаева Шынаркуль Куанышевна