Адрес: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақмешіт м/а, 36
Тел: 8 7775160665
E-mail:kwis@mail.ru
Бірлестік жұмысының мақсаты мен түрі мыналар болып табылады: Қоғам мен мемлекетке әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы жөніндегі конституциялық талаптардың орындалуы жөнінде көмек беру. Қоғамдық демократияландырудағы әйелдердің белсенділігін арттыру саясатқа әсер ету, әйелдер мен балалардың, өмір сүру сапасын жақсартуға, әйелдердің қызмет саласында лауазымының көтерілуі. ҚР заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру азаматтарды ілеуметтік қорғау мен қамтамасыз ету үшін, балалар мен әйелдерге арналған қамқоршылық үйлер құру. Әйелдердің, балалардың, мүгедек балалардың мәселелерін ашық талқылау. Бірлестіктің жұмыстары жөнінде ақпарат базасын құру, ақпараттарды талдау және ақпарат экономика, заң, экология, мәдениет, медицина, ағартушылық, білім беру салаларға тарату.
Экологиялық зардап аймағында өмір сүретін әйелдерге, балаларға, мүгедек балаларға материалдық медициналық, кеңестің ақпараттық көмек көрсету. Берілген категориядағы азаматтарға психологиялық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету жөнінде орталықтар, қамқоршылық үйлер, бала бақшаларды ашу. Мақсаттарға жету жолында кәсіпкерлік жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.