2020 жылғы 14 тамызда

2020 жылғы 14 тамызда Қызылорда қаласы əкімдігінің баспасөз орталығында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында “Үкіметтік емес ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарды кəсіби тренерлер   Тұсмағамбетов Жандос  Бектайұлы, Изден Анар Жарылқасынқызы жүргізді. Тренерлер  қатысушылардың сапалы да нəтижелі білім алуына бар жағдайды жасады. Семинар қорытындысымен қатысушыларға сертификат табысталды. Сертификатты алу шарты қарапайым ғана: ол үшін əрбір қатысушы тренердің үйреткен білімінен қойылған тест сұрақтарына жеке тренинг барысында жауап беру керек болды.