«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» гранты негізінде «Қызылорда облысы Баймұрат Батыр ауылы (Қызылорда қаласы), Ғани Мұратбаев (Қазалы ауданы), Қамыстыбас (Арал ауданы) ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықты дамыту» жобасы аясында 2024 жылғы 04 маусымда «Ауылды дамыту жоспарын талқылау, мүмкіндіктер мен аумақтардың өз ресурстарын, бәсекелестік артықшылықтарын анықтау, күшті және әлсіз жақтарын талдау бойынша ауыл әкімдерімен кездесу, ақпараттық семинар» өтті.
Семинар барысында келесі мәселелер бойынша ақпарат берілді:
«Ауылды дамыту мәселелеріндегі жергілікті қоғамдастықтың рөлі» туралы;
Қызылорда облысында (Қызылорда қаласы) ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жергілікті қоғамдастықтардың (депутаттардың) қатысуымен іске асыру барысы туралы.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен, ауылдық округ әкімдерімен жергілікті қауымдастықтың әлеуетін арттыру, ауылдың түйіткілді проблемаларын шешу бойынша мәселелер талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.
Жоба аясында жергілікті белсенділердің Сенат, Мәжіліс, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуін ұйымдастыру жоспарланғандығын және ұсыныс–тілектер мен сауалнама нәтижесімен әзірленген қажеттілік картасына енген мәселелердің шешу жолдары талқыланатындығы айтылды. Ауылдың кем дегенде 3 нақты мәселесі бойынша оң шешім қабылдауға жеткізу үшін мұндай кездесулердің маңызы жоғары.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде ауылдарда жұмыс iстейтiн ҮЕҰ–ға кеңес беру, әлеуетін арттыру бойынша қолдау көрсетуге бағытталған шаралар ұйымдастыру, жұмысын одан әрi ілгерілету үшiн кемiнде 3 әлеуметтiк жоба әзiрлеу шаралары да қоса жүргізілетін болады.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.