2024 жылғы 4-5 шілдеде Арал ауданы ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық мүшелері мен Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылдық округі жергілікті қауымдастық мүшелеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасының іске асыру тетіктері» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинар барысында жоба жетекшісі, тренер А.Ж. Изден «Ауылды дамыту мәселелеріндегі жергілікті қоғамдастықтың рөлі» туралы, Қызылорда облысында (Қызылорда қаласы) ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңын жергілікті қоғамдастықтардың (депутаттардың) қатысуымен іске асыру барысы туралы толық ақпарат беріп өтті.
Семинар қатысушылары «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару» туралы Заңын меңгеруі туралы дейінгі және кейінгі тест тапсырды.
Семинар барысында жергілікті қауымдастық мүшелеріне ауыл белсенділері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы ақпарат берілді.
Айта кету керек, жоба аясында ауылдық округтердің түйіткілді мәселелерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілген болатын, оған онлайн форматта 136 адам, оффлайн қағаз жүзінде 114 адам қатысты. Сауалнамаға қатысқандардың ер адам 44,1 пайыз, әйел – 55,9 пайыз. Олардың 18-35 жас 47,1 %, 35-45 жас 27,2%, 45-55 жас 12,55%, 55-65 жас 13,5%, 65-75 жас -0. Өткен жылы материалдық әл-ауқатыңыз қалай өзгерді деген сұраққа жақсара түсті -47,8 пайызы жауап берсе, нашарлап кетті деп -5,9 пайызы, өзгерген жоқ деп-46,3 пайызы жауап берген. Қызмет түрлері бойынша жұмысшы -39,7 пайыз, мемлекеттік қызметкер -45,6 пайыз, кәсіпкер, зейнеткер, студент, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-2 пайыздан.
Жақын аралықта ауылдан көшу жоспарыңызда бар ма деген сауалға бар деп-19,9 пайызы, жоқ деп-80,1 пайызы жауап берген. Көшу жоспарыңызда болса қандай мәселе түрткі болды деген сауалға жұмыс көзінің жоқтығы -32,4 пайыз, ауыл тұрғындары азаюы – 21,2 пайыз, экология мәселесі -30,1 пайыз деп атаған.
Қазір еліміз «Еститін мемлекет» құру бағытын ұстанады. Ол үшін қандай қоғамдық бақылау шаралары қажет деп санайсыз деген сауалға «Қоғамдық қабылдау орталықтары желісін ашу» -40,4 пайыз, қарапайым азаматтарды толғандыратын ең өзекті мәселелерді шешу бойынша әкімдіктердің, министрліктердің, үкіметтік науқандардың іс-әрекетін қоғамдық бақылау, тұрақты мониторинг жасау- 40,4 пайыз, тегін заң көмегін ұйымдастыру- 56,6 пайыз, цифрландыру арқылы мемлекеттік органдардың ашықтығын және халықпен кері байланыс тиімділігін арттыру – 48,5 пайыз, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға халық пен бизнесті тарту – 50 пайыз, облыс әкімдерін тікелей сайлау деп – 12,5 пайызы жауап берген.
Сіздің аймағыңыздағы өзекті әлеуметтік мәселелер қандай деген сауалға, жұмыскерлердің мүддесін қорғау – 16,9 пайыз, кедейшілікпен күрес -13,2 пайыз, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту-55,9 пайыз, жастарды қолдау -45,6 пайыз, ауыл мен аймақтың дамуы -47,8 пайыз, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бақылау орнату – 7,4 пайыз, жұмыс орнын ашу – 45,6 пайыз, экологиялық жағдайды жақсарту- 32,4 пайызы жауап берген.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.