«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі 2023 жылдың наурыз – қараша аралығында «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты негізінде жүзеге асыратын болады.
-
Нысаналы индикаторларды жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері:
-
Ауылдардағы қоқыстарды жинау және шығару бойынша талқылау, ұсыныстар әзірлеу, іс-шараларды ұйымдастыру үшін жастар мен ауыл тұрғындарының арасынан кемінде 4 бастамашыл топ құрылады.
-
Экологиялық проблемаларға және аумақтардың ластануына байланысты кемінде 2 проблема анықталып, шешіледі.
-
Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін талқылау үшін экобелсенділер мен кәсіпкерлердің (фермерлердің) тиімді өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасалады.
-
Қоқыспен ластану проблемаларын шешуге қатысу арқылы жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуде азаматтардың елеулі белсенділігі қамтамасыз етіледі.
-
Қоқыстарды бөліп жинау ережелері мен маңыздылығын түсіндіру бойынша 1000 тұрғынға кеңес беріледі.
Бастамашыл топтардың негізгі миссиясы – қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына ықпал ету.
Жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да ақпараттандырылып отыратын болады.