Ауылдық бастамаларды дамыту жобасы аясында әдістемелік нұсқаулық шығарылды.

Қазақстандықтарға қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті керек пе? Әлемнің дамыған елдерінде мұндай сұрақтар тіпті қойылмайды, өйткені ол жерде экологиялық мәдениет әлдеқашан күнделікті өмірдің қалыпты жағдайына айналған.

Біздің елімізде бірнеше жылдар бойы әртүрлі ұйымдар, эко белсенділері және мемлекеттің өзі қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін күнделікті өмірге, сондай-ақ ірі және орта бизнеске енгізуге тырысуда, бірақ әзірге нақты табыстарға қол жеткізе алмай отыр.

Пластикалық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындардың мамандарының айтуы бойынша, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамыту үшін келесі 3 қадамды жасау қажет:

Бірінші — заңнамалық базаны жетілдіру.

Екінші — қалдықтарды бөлек жинауды және кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін тиісті инфрақұрылым

Үшінші — халықты хабардар ету, басқаша айтқанда, халық арасында «жасыл экономика» қағидаттарын насихаттау.

Еске салайық, Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы қабылданып, оған сәйкес 2030 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды халықтан 100% шығару қамтамасыз етіледі.

Тұжырымдамадан басқа негізгі заңнамалық құжат – Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі бар, ол міндетті түрде Қазақстанның бүкіл аумағында қалдықтарды бөлек жинауды енгізуді көздейді.

Бір сөзбен айтқанда, алғашқы қадам қазірдің өзінде жүріп жатыр. Қазақстанда дұрыс заңдар қабылданады, өкініштісі, олар әрқашан өз қажетінше орындала бермейді.

Екіншісіне келетін болсақ, бұл тізбектің әлсіз буыны болуы мүмкін. Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкентте де қалдықтарды бөлек шығаруға арналған инфрақұрылым іс жүзінде жоқ. Әрине, көптеген ТҮ-де қағаз, шыны және тамақ қалдықтары үшін бөлек қоқыс контейнерлері бұрыннан бар. Бірақ осы сұрыпталған қоқыстардың барлығы қоқыс таситын көліктің жалпы сыйымдылығына батырылады. Барлық жұмыс сонымен аяқталады.

Осы тұста айта кету керек, көптеген облыстар мен қалалардағы ұйымдар, қорлар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар халық арасында энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға жауапкершілік пен үнемді көзқарасты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жарнамалық-ақпараттық жұмыстың мақсаттарының бірі қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін бөлек жинау әдетін және қоршаған ортаны қорғаудың жаңа экомәдениетін қалыптастыру болып табылады. Біздің жобамыз да осы мақсатқа арналған.

Алайда бұл шаралар аздық етеді. Ең бастысы, қазақстандықтар экология мәселесіне назар аудармайтыны қынжылтады. «Мен неге қоқыс жайлы ойлануым керек? Ай сайын коммуналдық төлем төлеп отырмын ғой», дейді тұрғындар. Бірақ, пакетке оңды-солды салынған түрлі санаттағы тұрмыс қалдықтары қала шетіне барып үйіліп жатқанынан залал көп келеді. Басынан дұрыс жиналмаған қоқыс қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығын жояды – қағаз өнімдері бүлінеді, бөтелкелер жарылады, жуындымен араласады. Күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу, макулатура, шина мен бөтелкелерді өткізіп, пайда табу әрі қоршаған ортаны қорғау – азаматтық іс.