Баспасөз парағы

Баспасөз парағы

2021 жылғы 8 қыркүйекте «15» экологиялық ҮЕҰ клубы» жобасы аясында Қызылорда облысы әкімдігімен және «Қызылорда  облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ арасында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен – 2022 жылдың 15 мамырына дейінгі кезеңдегі әлеуметтік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өткен болатын. Сондай-ақ, жоба презентациясы жасалып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық бағдарламалар,  Қазақстанда қолданыстағы экологиялық стандарттарды реттейтін нормалар бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау,  кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсеріне байланысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған жұмыс жоспары талқыланды.                Аталған Меморандум аясында бүгін «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында “Кәсіпорындардың экологиялық нормаларды сақтауы бойынша жүргізілетін мониторинг заңдылықтары ” тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оқыту семинары барысында  «Жаңа экологиялық Кодекс нормалары»  туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Қ.Д. Бектібаев, «Кәсіпорындардың экологиялық нормаларды сақтауы бойынша жүргізілетін мониторинг заңдылықтары» туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Г.А. Ахметова, «Қызылорда облысы аумағындағы өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау», «Қазіргі уақыттағы қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында “Қорқыт Ата” атындағы Қызылорда университетінің “Инжинирингтік технологиялар және экология” кафедрасының аға оқытушысы   Д.Д Орынбеков  тренинг жүргізді.

Оқыту семинары қорытындысымен клуб мүшелері болып табылатын 15 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арнайы тест тапсырып сертификат алды. Оқыту семинарынан сертификат алған клуб мүшелері 20 -25 сәуір аралығында өтетін Қызылорда облысындағы 12 шағын және орта кәсіпкерліктің экологиялық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізетін болады. Мониторинг қорытындысы конференцияда жарияланатын болады.

Аталған жоба «Қызылорда  облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында  «Орталық Азиядағы әлеуметтік  инновация» бағдарламасымен, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен ұйымдастырылып отыр. Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ    әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді.                Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. Жобаның негізгі көрсеткіштері: ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалармен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру.                Жоба аясында Меморандум және жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тізіліміне енгізу үшін экологиялық жобалар әзірленді. Сонымен қатар 1000 мемлекеттік қызметшілер өкілдерінің  арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер,  экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Аймақтағы экологиялық ҮЕҰ –дың танымалдығы мен маңыздылығын арттыру және “15” экологиялық ҮЕҰ-ның  бейресми клубын құру арқылы олардың жұмысына көмек көрсету. Кітапхана құру, www.npo-kzo.kz веб -сайтында экологиялық парақ ашу арқылы жүйелі электронды хабарламалар жолдап отыру, аймақтық БАҚ -пен ынтымақтастық орнату арқылы 15 үкіметтік емес ұйымды тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың әлеуетін арттыру үшін аталған ресурстармен қамтамасыз етілуде.  Бүгінгі семинар нәтижесімен ҮЕҰ жетекшілерінің арасынан «аудиторларды» оқыту және шағын және орта бизнестің экологиялық міндеттемелерді орындауына бақылау жүргізу жоспарлануда.