You are currently viewing Баспасөз парағы

Баспасөз парағы

2021 жылғы 8 қыркүйекте «15» экологиялық ҮЕҰ клубы» жобасы аясында Қызылорда облысы әкімдігімен және «Қызылорда  облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ арасында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен – 2021 жылдың 15 сәуіріне дейінгі кезеңдегі әлеуметтік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өткен болатын. Сондай-ақ, жоба презентациясы жасалып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық бағдарламалар,  Қазақстанда қолданыстағы экологиялық стандарттарды реттейтін нормалар бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау,  кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсеріне байланысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған жұмыс жоспары талқыланды.                Аталған Меморандум аясында бүгін «Достық үйі» ғимаратында «Қызылорда облысындағы экология және табиғат пайдаланудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы конференция өтті. Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Жаханов, сала басшылары мен қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында «Neco» экологиялық клубының басшысы,  Қостанай облысының экобелсендісі Бирмагамбетов Наурызбек  Мерекешұлы «Neco» экоклубының Қостанай облысында экологиялық бағыттағы жобаларының тәжірбиесі»  туралы,  «Eco Network» компаниясының  басқарушы директоры және экоконсультанты Сексенова Айман Қазиқызы «Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешудегі қарапайым қадамдар» тақырыбында,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті инженерлі-технологиялық институтының директоры т.ғ.к. Асқарова Гүлзат Шәкірбекқызы  «Қоршаған орта сапасының адам денсаулығына әсері» туралы, «Қамыстыбас су тұтынушылар  қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Исаев Алдаберген Төлеуұлы  «Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесі» бағытында баяндама жасады. Қызылорда облысындағы экологиялық мәселер талқыланып, шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.

Конференция қорытындысымен үкіметтік емес ұымдардың экологиялық бағыттағы әлеуметтік жобаларына қолдау көрсету, Белкөл кентінде тазаланбаған кәріз суларды төгу арқылы қоршаған ортаны ластап, атмосфералық ауадағы зиянды заттардың артуын болдырмау бойынша шаралар қолдану, облыстық мекемелерге, мектеп, балабақшаларға қағаз, пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған экобокстарды орнату бойынша шаралар қабылдау,  тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды, өңдеуді, пайдалануды және кәдеге асыруды ұйымдастыру, қалдықтарды бөлек жинауға арналған жүйенің инфрақұрылымын дамыту бойынша өзге қалалардағы тәжірбиені ескере отырып шаралар қабылдау, облыстық мекемелердің басшылары мен қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін полигондар салу мәселелерін зерделеу және сарқынды суларды іске жарату мәселелері бойынша нақты шаралар қолдану бойынша ұсынымдар қабылданды.

Аталған жоба «Қызылорда  облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында  «Орталық Азиядағы әлеуметтік  инновация» бағдарламасымен, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен ұйымдастырылып отыр. Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ    әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді.                Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. Жобаның негізгі көрсеткіштері: ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалармен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру.                Жоба аясында Меморандум және жүмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тізіліміне енгізу үшін экологиялық жобаларды әзірлеу, ҮЕҰ жетекшілерінің арасынан «аудиторларды» оқыту және шағын және орта бизнестің экологиялық міндеттемелерді орындауына бақылау жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар 1000 мемлекеттік қызметшілер өкілдерінің  арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер,  экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Аймақтағы экологиялық ҮЕҰ –дың танымалдығы мен маңыздылығын арттыру және “15” экологиялық ҮЕҰ-ның  бейресми клубын құру арқылы олардың жұмысына көмек көрсету. Кітапхана құру, www.npo-kzo.kz веб -сайтында экологиялық парақ ашу арқылы жүйелі электронды хабарламалар жолдап отыру, аймақтық БАҚ -пен ынтымақтастық орнату арқылы 15 үкіметтік емес ұйымды тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың әлеуетін арттыру үшін аталған ресурстармен қамтамасыз ету, Қызылорда облысындағы 12 шағын және орта кәсіпкерліктің экологиялық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу  қарастырылған.

Баспасөз парағы Баспасөз парағы Баспасөз парағы Баспасөз парағы Баспасөз парағы Баспасөз парағы