Форум аясында сұхбат алаңдары өтті

«Азаматтық қоғам және мәдениет: Қазақстанның жаңаруы бағытындағы құндылықтар мен басым бағыттар» атты XI Азаматтық форумның пленарлық отырысы секциялық жұмыстармен жалғасты. 3 секцияға бөлінген сұхбат алаңдарында тақырыпқа сай баяндамалар оқылып, пікірталас алаңдарында тек облысымызға тән қоғамдық ұйымдардың дамуына қатысты мәселелер ғана емес тұтас елдегі мықты азаматтық қоғам құрудағы маңызды ұсынымдар көтерілді. Диалогтық форматта өткен секциялық жұмыстар «Әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени капиталы» тақырыбында “Болашақ” университетінің мәжіліс залында, «Қазіргі азаматтық қоғамның мәдениеті: бұқаралық және ұлттық құндылықтардың қайшылығы» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының конференция залында, «Әртүрлі әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам институттарының тұрақтылығын дамыту» тақырыбында Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ресурстық орталықта өтті.

Секция отырысында әлеуметтік капитал және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы жоғары білімнің рөлі мен маңызы, Қазақстандық қоғамның транформациясы жағдайындағы ұрпақтар сабақтастығы, Қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік саладағы қарым-қатынасын кеңейту және ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру, ресурстық орталықтардың жұмысын жетілдіру сынды азаматтық саладағы өткір тақырыптар сөз болып, ҚР Парламенті Сенаты қатысқан форум аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, қоғамдық ұйымдар туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар бұл басқосу азаматтық белсенділікті одан әрі арттырып, сындарлы диалогты нығайта түсті. Секциялық жұмыстар қорытындысымен 150-ге жуық қоғамдық ұйым басшылары мен өкілдері облыстық Азаматтық форум Ұсынымдарын қабылдады. Ұсынымдар салалық принцип негізінде министрліктер мен департаменттерге, басқармаларға, ҚР Парламент және Сенат депуттарына жолданатын болады. Құжаттың толық нұсқасы www.npo-kzo.kz сайтына жарияланатын болады.

Форум аясында сұхбат алаңдары өттіФорум аясында сұхбат алаңдары өттіФорум аясында сұхбат алаңдары өттіФорум аясында сұхбат алаңдары өттіФорум аясында сұхбат алаңдары өтті Форум аясында сұхбат алаңдары өттіФорум аясында сұхбат алаңдары өтті