Бүгін «15» экологиялық ҮЕҰ клубының алғашқы отырысы өткізілді
Бүгін «15» экологиялық ҮЕҰ клубының алғашқы отырысы өткізілді. Аталған клуб «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновация» бағдарламасымен, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен ұйымдастырылып отырған жобасы аясында құрылды. Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. Жобаның негізгі көрсеткіштері: ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалармен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру. Жоба аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тізіліміне енгізу үшін экологиялық жобаларды әзірлеу, ҮЕҰ жетекшілерінің арасынан «аудиторларды» оқыту және шағын және орта бизнестің экологиялық міндеттемелерді орындауына бақылау жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар 1000 мемлекеттік қызметшілер өкілдерінің арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер, экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі.
Клуб мүшелігіндегі қоғамдық ұйым өкілдері: Айнагүл Баймаханова («Арал теңізі» ҚҚ), Шынар Женсикбаева («Шапағат» ҚҚ), Серік Ерімбетов («Сұлу жүректері» ҚҚ), Самалбек Қосанов («Сыр Агро» ҚҚ), Ерлан Мусаев («Социум Кызылорда»ҚҚ), Алдаберген Исаев («Қамыстыбас» ҚБ), Құрманай Ерімбетова («Туған жер» ЗТБ), Жұлдызай Нұрділда («Қызылорда әйелдер ақпарат орталығы» ҚБ), Майра Боранбаева («Тұрақты даму агенттігі» ҚҚ), Смағұл Сеитов («Өңірлік экология орталығы және Арал төңірегі халқының денсаулығын қорғау» ҚБ)
«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы»
«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновация» бағдарламасымен, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен ұйымдастырылып отырған «15» экологиялық ҮЕҰ клубы» жобасы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тізіліміне енгізу үшін экологиялық жобаларды әзірлеп, ұсыну бағытын жүзеге асыру мақсатында клубтың екінші отырысы өтті.
Отырыста талқылауға келесі жобалар ұсынылды: «Өңірлік ҮЕҰ әлеуетін және олардың шөлейттенуге қарсы күреске қатысуын арттыру арқылы жергілікті экологиялық жағдайды жақсарту» жобасы «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ –мен ұсынылды. Жоба аясында Қызылорда қаласының 15 км аумағына жыл сайын жыңғыл және сексеуіл көшеттерін отырғызу. Экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатында жыңғыл және сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмысына студенттер мен оқушыларды, жұмыс жасайтын жастарды қатыстыру. Жобаның жалпы құны 18 млн. тг.
Мектептерді, балабақшаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды энергиямен қамтамасыз етудің бірдей деңгейін қамтамасыз ету үшін аз энергияны пайдалануды көздейтін «Энергия тиімді технологияларды қолдану» жобасын «Өрлеу-Консалтинг» ҚБ дайындады. Энергия үнемдейтін және энергияны үнемдейтін қондырғылар-, атап айтқанда, адам бөлмеде болған кезде жылумен, желдетумен, электрмен жабдықтауға және ол болмаған кезде бұл жеткізуді тоқтатуға арналған жүйелер. Жобаның құны 20 миллион теңгеден сәл асады, бірақ кәсіпкерлер мен әкімшілер үшін бұл жоба коммуналдық шығындарды айтарлықтай төмендетеді. Жобаның экологиялық нәтижесі – атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын шектеу, ал аймақ үшін бұл жоба ресурстарды үнемдеуге, өнеркәсіптік өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. «Арал тенізі» қоғамдық қоры құны 11 миллион теңгеге жуық «Пластик, пластмасса, қағаз және картон бұйымдарын кәдеге жарату және өңдеу» жобасын ұсынды. Жобаның құрамдас бөліктерінің бірі – біздің ауданда тонналап шығарылатын, бірақ екінші рет қолданылмайтын билбордтарды қайта өңдеп, балықшыларға, жүк тиеушілерге және басқа жұмысшы мамандықтарға арнап алжапқыш дайындау. Жалпы құны нақтыланатын «Балық қорын қоғамдық басқару» жобасын «Қамыстыбас» қоғамдық бірлестігі (Арал ауданы) ұсынды. Жобаның міндеті – әуесқой балықшыларға балық аулау ережелері туралы хабардарлығын арттыру, браконьерліктің таралуына жол бермеу және балық сату нүктелеріне бақылау жасау. Жобаның негізгі мақсаты – табиғи ресурстарға экологиялық сараптама жүргізуге бастамашылық ететін және балық шаруашылығын жүргізу тәртібін анықтайтын заңнамаға өзгерістер енгізетін қоғамдық балықинспекторлар институтын құру.
Экологиялық ҮЕҰ клубының кезекті отырысына ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығын дамыту бөлімі басшысы Аяғанов Айдос Серікбайұлы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі, ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімі қызметкерлері қатысты.
2021 жылғы 8 қыркүйекте «15» экологиялық ҮЕҰ клубы»
2021 жылғы 8 қыркүйекте «15» экологиялық ҮЕҰ клубы» жобасы аясында Қызылорда облысы әкімдігімен және «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ арасында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен – 2021 жылдың 15 сәуіріне дейінгі кезеңдегі әлеуметтік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, жоба презентациясы жасалып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық бағдарламалар, Қазақстанда қолданыстағы экологиялық стандарттарды реттейтін нормалар бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау, кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсеріне байланысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған жұмыс жоспары талқыланды.
Аталған жоба «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Еуразия» Қоры өкілдігінің Social Innovation in Central Asia қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновация» бағдарламасымен, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен ұйымдастырылып отыр. Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді.
Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. Жобаның негізгі көрсеткіштері: ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалармен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру.
Жоба аясында Меморандум және жүмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тізіліміне енгізу үшін экологиялық жобаларды әзірлеу, ҮЕҰ жетекшілерінің арасынан «аудиторларды» оқыту және шағын және орта бизнестің экологиялық міндеттемелерді орындауына бақылау жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар 1000 мемлекеттік қызметшілер өкілдерінің арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер, экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Аймақтағы экологиялық ҮЕҰ –дың танымалдығы мен маңыздылығын арттыру және “15” экологиялық ҮЕҰ-ның бейресми клубын құру арқылы олардың жұмысына көмек көрсету. Кітапхана құру, www.npo-kzo.kz веб -сайтында экологиялық парақ ашу арқылы жүйелі электронды хабарламалар жолдап отыру, аймақтық БАҚ -пен ынтымақтастық орнату арқылы 15 үкіметтік емес ұйымды тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың әлеуетін арттыру үшін аталған ресурстармен қамтамасыз ету, Қызылорда облысындағы 12 шағын және орта кәсіпкерліктің экологиялық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қарастырылған.