Үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне арналған семинар

«Қызылорда облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 2020 жылғы 14 қазанда​ Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығының базасында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Есептілік талаптары. Жоба мониторингі және бағалау. Пиар-менеджмент» оқыту семинары өтті. ​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқыту семинары барысында «Жобаның техникалық ерекшелігі деген не? Техникалық ерекшелігін әзірлеу», «Жобаның есептілік талаптары», «Жоба мониторингі және бағалау», «Пиар – менеджмент» ​ тақырыптары қамтылды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оқыту семинарын кəсіби тренер​ ​ Тұсмағамбетов Жандос​ Бектайұлы жүргізді. Тренер​ қатысушылардың сапалы да нəтижелі білім алуына бар жағдайды жасады. Оқыту семинарының қорытындысымен қатысушылар тест тапсырып, аталған бағытта алған білімін растайтын сертификат алды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Умай» ҮЕҰ мен Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жоба аясындағы екіжақты Меморандум аясында жүзеге асырылды. Тренинге облыстық қоғамдық ұйымдар мен жастар үкіметтік емес ұйымдары басшылары мен үйлестірушілері шақырылды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Оқыту семинары қызықты да танымды, жаңа ақпаратқа толы болды.

​​ #ЦПГИ
#goqamgov
#cisc2020