2020 жылғы 4-5 тамыз сағат 9.00-18.00 аралығында Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығының базасында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдар үшін фандрайзинг. Мемлекеттік донорлық институттар және халықаралық ұйымдармен өзара байланыс» тақырыбындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тернинг өтті.
Семинар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранттары арқылы «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылады. Жоба азаматтық қоғамды дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Семинарда ҮЕҰ-дың халықаралық ұйымдармен өзара байланысы. Қазақстанда аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдар. Халықаралық ұйымдардың грантына өтінім жазудағы жалпы талаптар. Жобалық өтінімдерді жазудағы ұсынымдар. Бағалау индикаторын белгілеу. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді нәтижелерді жоспарлау тақырыптары толық қамтылды.
Семинар-тренинг қорытындысымен қатысушыларға сертификат тапсырылды.
Семинар-тренинг «Умай» ҮЕҰ мен Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жоба аясындағы екіжақты Меморандум аясында ұйымдастырылып, оған облыстық жастар үкіметтік емес ұйымдары басшылары мен үйлестірушілері қатысты.