«Nomad Palace» кешенінде Үкіметтік емес ұйымдар үшін «Тренер үшін Тренер» ұғымы бойынша жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жұмысына ҮЕҰ-ның 30 өкілі қатысты. Мектеп Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қаржылық қолдауымен КЕАҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Қызылорда облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық орталығын ұйымдастыру және дамыту” жобасы аясында өткізілді. Жобаның мақсаты – азаматтық қоғам институттарының өкілдеріне кеңес беру қызметтерін ұсыну, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына ықпал ету.
Жазғы мектептің тренерлері мен сарапшылары – ҮЕҰ дамыту саласындағы сертификатталған мамандар және азаматтық белсенділер. Олардың қатарында: Анар Изден, Шынар Жеңсікбаева, Айнакүл Баймаханова, Ләззат Бақтыбаева, Жанат Сапаржанова бар. Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің өзара әрекеттесуі жобасының тұсаукесерін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Гүлнұр Құрмантаева жүргізді. Мектепте бірқатар тақырыптар талқыланды, соның ішінде «ҮЕҰ және экологиялық қауіпсіздік», «Ауылдық ҮЕҰ-ын дамыту», «ҮЕҰ-дың арнайы әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы», «Азаматтық сектордың қатысуымен мемлекеттік органдар жанындағы тұрақты үйлестіру және кеңес беру органдарының жұмысы», «Азаматтық қоғам: халықаралық тәжірибе».
Жазғы мектепті әлеуметтік тапсырысты орындау конкурсының жеңімпазы атанған ҮЕҰ «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі ұйымдастырды.
Мектептің қорытынды талқылау сессиясы пандемиядан кейінгі азаматтық қоғамның дамуына арналды. Пікірсайыс барысында спикерлер жаһандық пандемия жағдайында азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен тұрақты даму мақсаттарына жету мүмкіндіктерін талқылады. Қорытындысымен Жазғы мектеп қатысушыларына сертификат табысталды.
Жазғы Мектеп ұйымдастырушылары атынан қатысушыларға алғыс айтамыз! Сіздерге шығармашылық идеялар, сарқылмас шабыт пен оптимизм тілейміз!