2023 жылдың 26 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығында Қызылорда қаласында Азаматтық форум аясындағы іс-шаралар өтуде, онда ҮЕҰ жетекшілері алдағы екі жылға арналған даму Тұжырымдамаларын айқындап, үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты институционалдық дамуы үшін нақты мүмкіндіктер жасауға қатысты өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылауда, біліктіліктерін арттыру бағытындағы семинарларға қатысуда, даму бағыттары бойынша әзірлеген ұсыныстар мен ұсынымдары салалық министрліктерге, жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.
Форум аясында 26 қыркүйек – 06 қазан аралығында Қызылорда облысының ҮЕҰ Альянсының шақыртуымен “Senior Experten Service” дүниежүзінде белсенді жұмыс жасайтын Халықаралық ынтымақтастық үшін неміс экономикасы қорының аға эксперті Норберт Штольдтың 24 сағаттық тренерлігімен “Үкіметтік емес ұйымдарының әлеуетін нығайту” оку курсы ұйымдастырылуда. Курста “Мақсатты коммуникация”, “Жобаларды басқару”, “Фандрайзинг”, “Қоғаммен байланыс”, “ҮЕҰ тұрақты дамуы” тақырыптары қамтылып отыр. Курсты аяқтаған алғашқы топқа сертификаттар тапсырылды. Қостанай облысынан форум жұмысына қатысушы делегаттар халықаралық эксперттің семинарына қатысып, курсты сәтті аяқтады.