«Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында Қамыстыбас ауылдық округіндегі № 21 орта мектептің 10, 11 сынып оқушыларына арналған экосабақ өткізілді.
Экосабақта Арал ауданы оқушыларына «Қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму мақсаттары», «Қалдықтарды бөлек жинаудың маңыздылығы» тақырыбында презентация таныстырылды.
Экосабаққа қатысушы оқушылар қалдықтарды бөлек жинау, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға қатысты ойын түрінде өткен тренингке қатысып, экологиялық мәселелерге қатысты шығарма жазды, өз ойларымен бөлісіп, түрлі жобалардың идеяларын ортаға салды. Өз туған жерінде өсетін өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы айтып, оларға хат жазып, сұрақтар қойды, сол арқылы оқушылардың туған жерінің табиғатын, тарихын білуі, сөз байлықтарын дамыта түсуге бағытталған жұмыстар қоса жүргізілді. Мектеп қабырғасында қараша айының соңғы онкүндігінде экологиялық апталық өтетін болып бекітілді. Төменгі сынып оқушыларына арналған экосабақтарды алдағы уақытта өздері ұйымдастыратындығын айтты. Бұл туралы ақпарат ұсынатын боламыз.
Экосабақ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты негізінде жүзеге асырылып отырған «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды.