«Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында Сабалақ ауылы және Қамыстыбас ауылдық округінде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және осы бағытта кәсіпкерлермен, фермерлердің бірлескен жобаларын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды талқылауға арналған 4 кездесу өтті. Кездесуге аймақтың экобелсенділері, жергілікті қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары, Қамыстыбас ауылдық округі әкімі Алдаберген Төлеуұлы Исаев, «Қамыстыбас су тұтынушылары қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Сабалақ-Қызылорда» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсәнем Аукенова қатысты. Сабалақ және Қамыстыбас ауылдарындағы кәсіпкерлермен және фермерлермен кездесу қорытындысы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан гранттар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы өтінімдер дайындалды. Сондай-ақ, Сабалақ ауыл округінің әкімімен кездесу барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлері жоба барысында ауыл тұрғындары жинаған пластик бөтелкелерді қайта өңдеуге қатысты мәселелерді талқылады. Өңірдегі өзге де кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Жоба аясында әзірленген әдістемелік құралда осы бағытта кәсіпкерлермен қалай жұмысты үйлестіру қажеттігі жөнінде ақпараттар ауқымды түрде берілген болатын.