«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» гранты негізінде «Қызылорда облысы Баймұрат Батыр ауылы (Қызылорда қаласы), Ғани Мұратбаев (Қазалы ауданы), Қамыстыбас (Арал ауданы) ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықты дамыту» жобасы аясында 2024 жылғы 3-7 қараша аралығында ҮЕҰ қызметімен таныстыру мақсатында ауылдық округ белсенділерінің Астана қаласына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Жұмыс сапары барысында «КАМЕДА» республикалық азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен ауылдық жергілікті қоғамдастық мүшелері «Мама Про» қоғамдық қоры, «Orda Autism» түзету орталығы, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы жұмысымен танысып, ауылдық округтерде үкіметтік емес ұйым ашу бағытындағы жоспраларын талқылады. Жұмыс сапары Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының менеджерлерімен кездесумен жалғасып, жоба аясындағы атқарылған шаралар мен алдағы міндеттер талқыланды.
Айта кету керек, жергілікті бастамаларды дамыту мақсатында нәтижелі жұмыс атқаратын белсенді қоғамдық ұйымдарды ауылдық округтерде ашып, олардың жұмыс бастап кетуіне жоба аясында қолдау көрсетілетін болады.