«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы»

Заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржылық қолдауымен «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында Social Innovation in Central Asia«Орталық Азиядағы әлеуметтік инновация» бағдарламасымен «15» ҮЕҰ экологиялық клубы» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгін жоба эсперттері мен клуб мүшелерінің онлайн және офлайн форматта отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер, экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында 40 сұрақтан тұратын тесттік сауалды жүргізу мәселесі және Қызылорда облысындағы 12 шағын және орта кәсіпкерліктің экологиялық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды. Кәсіпорындарға мониторинг жүргізбес бұрын эксперттер мен клуб мүшелері аудит жүргізу тәртібін түсіндіруге бағытталған оқыту семинарына қатысатын болады. Оқыту семинары 2022 жылғы 17 ақпанға жоспарланып отыр. Семинарды Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың оқытушылары жүргізетін болады және мониторинг жүргізуге қатысатын үкіметтік емес ұйым өкілдеріне сертификат тапсырылады. Бүгінгі отырысқа қатысушылар өз тараптарынан Қызылорда қаласы және аудандардағы мониторинг тізіліміне енгізілетін кәсіпорындарды ұсынатын болып келісілді.