«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» гранты негізінде «Қызылорда облысы Баймұрат Батыр ауылы (Қызылорда қаласы), Ғани Мұратбаев (Қазалы ауданы), Қамыстыбас (Арал ауданы) ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықты дамыту» жобасы аясында 2024 жылғы 2 тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рүстемов Руслан Рүстемұлының қатысуымен Баймұрат Батыр, Қамыстыбас, Ғани Мұратбаев ауылы жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесуде ауылды дамытудың түйіткілді мәселелері талқыланып, бүгінгі күнге дейін шешімін таппай отырған мәселелерді шешу жолдары айтылды. Сенатор Руслан Рүстемұлы өз кезегінде ауыл жастарына арналған мемлекет тарапынан берілетін қаржылай 2,5 пайыздық грантқа қойылатын кепіл көлемін азайту бойынша депутаттық сауал тастайтынын жеткізді.
Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдерінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен осындай кездесулері жоба аясында шілде мен қараша айларында ұйымдастырылды.