«Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі «Қызылорда облысы Баймұрат Батыр ауылы (Қызылорда қаласы), Ғани Мұратбаев (Қазалы ауданы), Қамыстыбас (Арал ауданы) ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықты дамыту» жобасы аясында Баймұрат ауылының түйіткілді проблемаларын анықтау және оны талқылау мақсатында жергілікті қауымдастық мүшелері мен белсенді тұрғындардың қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары шешімін табуы тиіс мәселелер қатарына ауылды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, мал жайылымдық жердің мүлдем болмауына байланысты жер бөлу мүмкіндігін қарау, аяқ су мәселесін шешу, спорттық ойын–сауық орындарын ашу, жастарды жұмыспен қамту бағытындағы кешенді іс–шараларын жасап, нәтижесін көрсету, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында берілетін 2,5%-дық микрокредитке өтінім беру үшін талап етілетін кепіл көлемін азайту немесе мүлде алып тастауды енгізуді сұрады.
Қатысушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, келесі кездесуде нәтижесі туралы ақпарат берілетіндігі және салалық басқармалар мен министрліктерге ұсынымдар әзірленетіндігін жеткіздік. Белсенді тұрғындар жергілікті қауымдастық мүшелері мен қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруды және облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен тұрғындардың кездесуін өткізуді сұрады.
Жоба аясында жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауыл белсенділердің Сенат, Мәжіліс, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуін ұйымдастыру жоспарланғандығын және ұсыныс–тілектер мен сауалнама нәтижесімен әзірленген қажеттілік картасына енген мәселелердің шешу жолдары талқыланатындығы айтылды. Ауылдың кем дегенде 3 нақты мәселесі бойынша оң шешім қабылдауға жеткізу үшін бұл кездесулердің, тұрғындар жиынының маңызы жоғары.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде ауылдарда жұмыс iстейтiн ҮЕҰ–ға кеңес беру, әлеуетін арттыру бойынша қолдау көрсетуге бағытталған шаралар ұйымдастыру, жұмысын одан әрi ілгерілету үшiн кемiнде 3 әлеуметтiк жоба әзiрлеу шаралары да қоса жүргізілетін болады. Жоба бойынша Баймұрат ауылы үйлестірушісі – Бапахова Лаура Төреханқызы кездесу қатысушыларына жоба аясындағы шаралар туралы алдын ала ақпарат беріліп отыратындығын жеткізді.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» гранты негізінде жүзеге асырылуда.