Ғани Мұратбаев, Қамыстыбас ауылының түйіткілді мәселелерін анықтау, талқылау және шешу бағытындағы шаралар қабылдау үшін 2024 жылғы 29-30 қазанда тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу жергілікті қоғамдастықтың басым бағыттарын анықтау және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін ауылдың азаматтық белсенділерін біріктіру мақсатын көздейтін «Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» грантының «Қызылорда облысы Баймұрат Батыр ауылы (Қызылорда қаласы), Ғани Мұратбаев (Қазалы ауданы), Қамыстыбас (Арал ауданы) ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықты дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Шараға белсенді ауыл азаматтары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері, әкімдік мамандары қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Ауыл тұрғындарымен қажеттілік картасын әзірлеу мақсатында сауалнама жүргізілді.
Нәтижесімен келесі мәселелер облыс әкіміне және министрліктерге жолдану үшін анықталды:
- Ғани Мұратбаев ауылындағы 70 үй орналасқан, 1 балабақша орналасқан 5 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу. Бүгінде жобалық сметасына 1 млн 500 мың бюждеттен қаржы қаралып сметалық жобасы жасалып, облыстық бюджеттен қаржы сұратылғанына да 4 жылдай уақыт болған бұл жұмыс қаржы бөлінбегендіктен тоқтап тұр.
- 1 мың 631 тұрғыны бар Мұратбаев ауылында 250 жастар бар, оның 21-і жұмыссыз ретінде тіркелген. «Осынша халыққа спор кешені бүгінгі күнге дейін салынбаған осы біздің ауыл шығар» -дейді жергілікті қоғамдастық мүшелері. «Жобалық сметасының аяқталатын мерзімі келесі жыл. Оны қайта жасау үшін де тағы қаржы керек. Осы ауылдан жарысқа қатысатын балаларды мектеп дене шынықтыру мұғалімдері таксимен орталыққа тасып әлек, үйге жеткенше уайымдап отырамыз. Спорт кешенін салу мәселесі маңызды болып отыр» – деп атап өтті қоғамдастық төрағасы Дәуітов Серік.
- Қазіргі таңда басты мәселе болып отырған аяқсуды ауыл көшелеріне кіргізу. Бұған дейін ауылды көгалдандырып отырған каналды көшелерге жөндеу жұмысын жүргізгенде жауып кеткен. Оны қайтадан жаңадан қазу үшін де қаражат мәселесін шешу қажеттігі айтылды.
Жобаның аясында ұйымдастырылған кездесулердегі тұрғындардың пікірлері ескеріліп, 30-ға жуық Ұсынымдар жинақталып, нақты 3 мәселеге тоқталу қажет болған еді. Қамыстыбас, Ғани Мұратбаев ауылдарының түйіткілді мәселелерін анықтау бойынша бұл кездесуде ауыл бюджетінің мақсатты бөлінуін қадағалайтын жергілікті қоғамдастық мүшелерімен нақтыланды.
Әлеуметтік жобаның міндеті:
1.Тұрақты бастамашылық топтар немесе ҮЕҰ құру арқылы жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру.
- Ауылда қолайлы климатты қалыптастыру және ауыл белсенділерін біріктіру мүмкіндігі ретінде материалдық емес мәдени мұраны насихаттау және дамыту.
- Жергілікті қоғамдастық азаматтарын тарта отырып, ауылдық аумақтарды дамытудың басымдықтары мен қажеттіліктеріне талдау жасау және осы басымдықтарды мемлекеттік саясаттың күн тәртібіне енгізу.
Жоба мерзімі: 2024 жылдың сәуір-қараша айлары аралығы.
Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылады.